"Қ.И.Сәтпаевтың туғанына 125 жыл" ашық сынып сағаты

12.04.2024

2024 жылдың 12 сәуірінде Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің акт залында белгілі геолог-ғалым, академик және Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш Президенті-Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған ашық сынып сағаты өтті. Қ.И.Сәтпаевтың жеке феномені және оның гуманитарлық саладағы тарихи-мәдени шығармашылығы, академиктің ғылыми мұрасын жаратылыстану пәндері оқытушысы Т.С. Актаева дәріптеді. Академик, геолог және қоғам қайраткерінің Қазақстанның дамуы мен ғылымның қалыптасуына қосқан үлесі туралы тың деректермен бөлісті.

Студенттер атақты академик туралы өмірбаяндық деректі фильмге үлкен қызығушылық танытты.

Аталған іс — шара геолог-ғалымның, профессордың, тұңғыш қазақ академигінің өмір жолы мен ғылыми еңбектерін таныстыру және дәріптеу мақсатында өткізілді. Сондай-ақ, жас ұрпақты сауатты болуға, ғылымға шақырды. Қаныш Сәтпаев қазақ халқының дамуына үлкен өзгерістер енгізді. Қ.Сәтпаев Қазақстандық металлогения мектебінің негізін салушы. Ғалым бүкіл өмірін геология зерттеуге және туған өлкесінің минералдық шикізат базасын жасауға арнады. Біз ғалымның мұрасын насихаттауды жалғастыруымыз керек.



Текст
Виртуальная приемная